Тобық Жармағамбетов

 Жармағамбетов Тобық Мырзағұлұлы 1934 жылы Жарқамыс ауылында туған. Жазушы. 1957 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1957-59 жылдары Жарқамыс орта мектебінде мұғалім, 1959-73 жылдары Байғанин аудандық «Жаңа өмір» газетіне жауапты хатшы,
редактордың орынбасары, Ақтөбе телевидениесінде аға редактор, бас редактор болды, облыстық «Коммунизм жолы» газетінде, облыстық мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамында қызмет атқарды.
         Тобық Жармағамбетов шығармашылық қызметін 50-жылдардың аяғында бастады, ол нағыз талантқа тән тереңдікпен, ойшылдықпен, сыршылдықпен қалам тербеп, уақыт, заман талабына сай  салиқалы ой, салмақты жүк арқалаған шығармалар жазды. Үлкен бір повеске пара-пар «Отамалы» әңгімесі қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған асыл мұра болып қалды. «Ақ жауын» повесінде 30-жылдардағы қиын кезең туғызған халық қозғалысын, сол кездегі жіберілген өрескел қателіктерді батыл ашып көрсетті, «Бәйтеректің жас шағы» повесінде халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің өмір жолының кейбіт сәттерін оқырманға шебер суреттеу арқылы жеткізді. 60-жылдардағы ауыл жастарының тіршілігі, сырласу, нәзік сезім, шын сүйіспеншілік, қазақ ауылының көрікті бейнесі «Нәзік бұлттар» деп аталатын повесінде көркем бейнеленді. Т.Жармағамбетовтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыл өміріне арнап жазған «Қара жаңбыр» атты туындысы да көпшілік оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленді.  Жазушы адамгершілік, достық, махаббат тақырыбына арнап «Екі жүрек», «Екі дос», «Менің достарым», «Кішкентай махаббат» атты әңгімелер жазды.
    1973 жылдың 1 қазанында талантты  жазушы Тобық Жармағанбетов қыршын жасында мезгілсіз дүниеден өтті.
        Жазушы  Т.Жармағамбетовтың есімі Қарауылкелді селосындағы бір көше мен орта мектепке берілген.(bjka.kz - сайтынан).


             

Комментариев нет:

Отправить комментарий