Сағи Жиенбаев шығармалары:
Тобық Жармағамбетов шығармалары:
Жиенбаев С.
Қайырлы таң: Өлеңдер.-Алматы:
Жазушы, 1966. - 124 б.
Сағи Жиенбаевтың бұл жинағына
лирикалық жырлары енгізілген. Ақын өз өлеңдерінде өмір жайлы, достық-махаббат
жайлы сыр шертеді. Өз замандастарының еңбектегі, тұрмыстағы өршіл тұлғасын жалт
еткен бір көрініс арқылы жарасымды бейнелейді.
Жиенбаев С.
Оркиік: Өлеңдер мен дастан .-
Алматы: Жазушы, 1969.- 88 б.
Сағи Жиенбаевтың бұл кітабына
жаңа өлеңдері мен «Жаһанда жалғыш ағаш...» атты шағын дастаны енген. Ақын өз
шығармаларында халықтар достығын, елдік пен ерлікті, азаматтық пен
адамгершілікті жырлайды, өмір жайлы толғанады.
Жиенбаев С.
Я помню ту весну/Перевод с каз.-Алма-Ата: Жазушы,1969.-80 с.
«Я
помню ту весну» - первый сборник стихов Саги Жиенбаева на русском языке. Это
стихи о родной казахской степи, о ее неяркой на первый взгляд красоте, о
детстве, с которым связано много хорошего и грустного, о нежно любимой матери,
о друзьях, которым поэт всегда остается верен, - словом о том, что дорого и
близко каждому.
У поэта
спокойные интонации, тихий голос и, пожалуй, главное, что делает его не похожим
на других,- удивительная мягкость и доброта.
Жиенбаев С.
Алтын қалам: Өлеңдер мен
поэмалар. - Алматы: Жазушы, 1971.- 80 б.
«Алтын қалам» атты кітабына
ақынның лирикалық өлеңдері енді. Бұл өлеңдерде адам бойындағы алуан қасиеттер-
жан сезімі, жүрек толғанысы жырланады. «Алтын қалам» дастаны заманымыздың аса
көрнекті ақыны, бейбітшілік жолындағы жалынды күрескер – Назым Хикметке
арналған. «Қырандар хикаясы» аталатын лирикалық толғауда қазақтың тұңғыш атты
әскер полкінің қаһармандық ерлігі суреттеледі.
Жиенбаев С.
Жадымдасың, жас күнім: Таңдамалы
.- Алматы: Жазушы, 1972 .- 238 б.
Сағи Жиенбаев – сөз сиқырын
бойына сіңіре білген санаулы ақындарымыздың бірі. Көзі қырағы, қолы зергер
автордың жырлары күнге қызынған құндыз сауыры, аспанға лақтырған айна сынығы
сияқты: сәулелі де шұғылалы, нұрлы да сырлы. Шағын да болса, жалынды; аз да
болса, назды. Ой мен сезімге егіз суарылған қылықты шумақтар ыстық алақанға
қона тиген ақша қар тәрізді тіліңізге тиген ойда-ақ еріп жүре береді...
Оқырманға ұсынылып отырған бұл таңдамалы топтамаға айтулы ақынымыздың,
негізінен міне осындай туындылары енгізілген.
Жиенбаев С.
Әлия: Лирика. Поэма .- Алматы:
жазушы, 1973 .- 96 б.
Белгілі лирик ақынымыз Сағи
Жиенбаевтың «Қуатты ойдан бас құрап, еркеленіп шыққан» жыр жолдары қашанда
оқырман көңіл күйімен әсем келісім тауып жатады. Оның қаламынан туған бұл
кітабы да ақын талантының кемелдене түскенін көрсетеді.
Жинақтағы халқымыздың қаһарман қызы Әлия туралы дастан да, мәңгі жас
туған өлке туралы тың толғаныстар да, замана хақындағы өлеңдер де жыр сүйгіш
қауымның жүрегіне жол табар сәтті
туындылар.
Жиенбаев С.
Оймауыт: Жыр-дастандар .-
Алматы: Жазушы, 1975 .- 120 б.
Ақын Сағи Жиенбаевтың «Оймауыт» атты жаңа жинағында туған жердің бүгінгі бейнесі, ондағы ұлы өзгерістер, дала табиғатының сан-алуан құбылыстары, Көкше көріністері әсем суреттеледі.
Ақын Сағи Жиенбаевтың «Оймауыт» атты жаңа жинағында туған жердің бүгінгі бейнесі, ондағы ұлы өзгерістер, дала табиғатының сан-алуан құбылыстары, Көкше көріністері әсем суреттеледі.
Ұлы Отан соғысы кезінде
үлкендермен қатар қабырғасы қайыса еңбек еткен жас ұрпақтың көңіл-күйі, жан
дүниесі шынайы жырланады. Ақын «Қайран шеше», «Сәби дауысы» атты поэмаларында
халқымыздың қаһарман ұлдарының ер тұлғасын жасайды.
Жиенбаев С.
Ақ самал: Өлеңдер .- Алматы:
Жалын, 1976 .- 120 б.
Ақын Сағи Жиенбаевтың бұл өлең кітабы
балаларға арналған. Туған еліміздің табиғатын, бал бөбектердің қызықты
қылықтарын ақын әдемі жырлайды. Қиялға қанат бітірген қызғылықты
ертегі-хикаяларды да осы «Ақсамал» атты кітаптан оқисыңдар.
Жиенбаев С.
Золотое перо: Стихи, баллады,
поэма /Авторизованный перевод с казахского Г.Серебрякова .- Алма-Ата: Жазушы,
1977 .- 152 с.
Имя Сиги Жиенбаева хорошо
известно казахским читателям. В его стихах – и образ родной земли, и жажда
жизни, и творческий поиск, и пытливый интерес к людям. Автор не забыл своего
сурового военного детства, об этом – цикл стихов, посвященных аульным
мальчишкам.
Сборник завершается поэмой о
мужественной дочери казахского народа Алие Молдагуловой.
Жиенбаев С.
Құралай салқыны: Өлеңдер мен
дастандар .- Алматы: Жазушы, 1979 .- 136 б.
Сағи Жиенбаевтың «Құралай
салқыны» аталатын бұл жинағына соңғы кездері жазған лирикалық өлеңдері енді.
Бұл жырларда замандастарымыздың жан дүниесі, туған жердің әсем табиғаты
суреттеледі. Ақын «Ыстық нан», «Жалын» дастандарында адамдардың адамгершілігін,
ел мен жерге деген сүйіспеншілігін жырлайды.
Жиенбаев С.
Бозторғай: Жыр кітабы .- Алматы: Жалын, 1981.-112 б.
Сыршыл
ақын Сағи Жиенбаевтың бұл кітабына биік адамгершілікті, туған ел табиғатын
жырлайтын лирикалық өлеңдері мен туысқандық, достық, ерлік жайлы балладалары енгізілген.
Жарық жұлдыздар: Жыр-толғау.-
Алматы: Жалын,1983.- 344 б.
Ақынның бұл жинағына әр жылдары
жарық көрген балладалары мен поэмалары жинақталған.
Кітап үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімге адамгершілік, адалдық, достық,
махаббат жайындағы, екінші бөлімге елдік пен ерлік, халқымыздың қаһарман
батырлары туралы балладалары мен поэмалары топтастырылған. Үшінші бөлім –
ертегі, аңыздар.
Жиенбаев С.
Нан мен тұз: Лирика .- Алматы:
Жазушы, 1984 .- 392 б.
Қазақтың белгілі ақыны Сағи
Жиенбаевтың «Нан мен тұз» аталатын бұл кітабына бірыңғай лирикалық өлеңдері
еніп отыр. Жаңа жырларында ақын елімізде болып жатқан ұлы оқиғаларға шабытпен үн
қосады.
Жиенбаев С.
Үш
томдық шығармалар жинағы .- Алматы: жазушы, 1991
Т.1:
Өлеңдер .- 352 б.
Қазақтың белгілі ақыны Сағи Жиенбаевтың үш томдық шығармалар жинағының
бірінші томына әр жылдары жазылған лирикалық өлеңдері енгізілген.
Жиенбаев С.
Үш
томдық шығармалар жинағы .- Алматы: Жазушы, 1991.
Т.2:
Өлеңдер .- 352 б.
Қазақтың белгілі ақыны Сағи Жиенбаевтың үш томдық шығармалар жинағының екінші томына әр жылдарда жазылған
сапар жырлары, ән-өлеңдері енгізілді.
Жиенбаев С.
Үш
томдық шығармалар жинағы .- Алматы: Жазушы, 1992
Т.3:
Поэмалар .- 344 б.
Қазақтың белгілі ақыны Сағи Жиенбаевтың үш томдық шығармалар жинағының
үшінші томына әр жылдарда жазылған
толғау, дастандары енгізілді.
Жиенбаев С.
Бақ құсы: Таңдамалы лирика
/Құраст.Е.Дүйсенбайұлы. Алғысөзін жазған
Қ.Шаңғытбаев .- Алматы: Раритет, 2002 .- 232 б.
Сазды лирика саңлағы Сағи
ақынның бұл кітабына оның көзі тірісінде сан алуан жинақтарында жарияланған
таңдамалы өлеңдері енді. Олар, расында да, қазақ поэзиясы бағында құйқылжып
сайрап тұрған құмыр құстың ән-әуезіндей әдемі үйлесім тапқан: әр
ырғақ-нақышында жарық дүниеге, жақсылық атаулыға, елге-жерге деген ерекше
ынтызарлық, іңкәрлік бар.
Тобық Жармағамбетов шығармалары:
Жармағамбетов Т.
Нәзік бұлттар: Повесть .- Алматы: Жазушы, 1966 .- 192 б.
Жас жазушы Тобық Жармағамбетов бұрын әңгіме, новеллаларымен көрініп, оқушы көпшіліктің көкейінде жақсы әсер қалдырған қаламгер. Бұл кітабы Тобықтың оқушы қауымына ұсынып отырған жаңа табысы, көлемді еңбегі.
«Нәзік бұлттар» повесінен біз Теміржан, Күнсая, Ілия сияқты қазіргі жастарымыздың арманшыл, батыл, ер тұлғасын көреміз. Сырласамыз. Олардың нәзік сезімінің куәсі боламыз. Дархан даламыздың сұлу көркінен сусындаймыз. Повестің тілі нәрлі, бояулы. Уақиғасы тартымды, қызғылықты.
Жармағамбетов Т.
Екі жүрек: Повесть пен әңгімелер.- Алматы.- Жазушы,1968
«Екі жүрек» - жазушының екінші кітабында адамдар арасындағы достық,адамгершілік қасиеттер туралы адамзат тіршілігіндегі түйткілді мәселелер туралы баяндайды.
Жармағамбетов Т.
Сентябрь түні: Повестер .- Алматы: Жазушы, 1970 .- 176 б.
Жазушы Тобық Жармағамбетовтің бұл еңбегіне екі повесі еніп отыр. Мұның алғашқысы ақын-жырау Нұрпейіс Байғаниннің өнердегі өміріне, екіншісі Октябрь революциясы кезіндегі ел өміріне арналған.
Жармағамбетов Т,
Соңғы хат : Повестер мен әңгімелер .-Алматы : Жазушы ,1977
Жазушы Тобық Жармағамбетовтың оқырмандарына жолдар ақырғы сәлемі ретінде “Соңғы хат” деген кітабы ұсынылып оған “Қуғын”, “Үшеу”, “Кішкентай махаббат”, “Эмигранттың өлімі”, “Күту”, тағы басқа әңгімелері мен “Қара жаңбыр”, “Өлімді жеңген өмір” повестері енді.
Жармағамбетов Т.
Ақ жауын: Повестер .- Алматы: Жазушы, 1984 .- 400 б.
Тобық Жармағамбетов қазақ әдебиетінің проза жанрына өзіндік үнімен үлес қосқан талантты жазушыларымыздың бірі. Бұл жинаққа жазушының оқырман қауымға танымал болған «Ақ жауын», «Бәйтеректің жас шағы», «Сентябрь түні», «Нәзік бұлттар» атты повестері еніп отыр.
Жармағамбетов Т.
Отамалы: Әңгімелер мен хикаяттар /Құраст. Е.Дүйсенбайұлы. Алғысөзін жазған З.Серікқалиұлы.- Алматы: Раритет, 2002 .- 212 б.
Өмірден ерте өткен жазушының өз уақыты мен тұтас бір ұрпақтың ғұмырнамасын өзек еткен «Жан», «Қара жаңбыр», «Қызыл ай», «Қарала сиыр» т.б. әңгіме-хакаяттарында шынайы шындықпен нәрленген нәзік мұң, сәулелі романтика өлеңдей егіз-қатар өріліп отырады. Ішкі лирикалық иірімінің әсер-қуаты жөнінен бұл жинаққа енген туындылардың қай-қайсысы да прозадағы поэзия іспетті.
Жармағамбетов Тобық
Ақтөбе кітапханасы шығармалары. 12 Т.- Ақтөбе: “Шамшырақ-Ақтөбе” ЖШС, 2013.-448 б.
Ақтөбе кітапханасының” он екінші томына өмірден ерте өткен талантты қалам иесі Тобық Жармағамбетовтің “Қара жаңбыр”, “Қызыл ай”, “Бәйтеректің жас шағы”, “Нәзік бұлттар” повестері мен “Отамалы” әңгімесі енгізілген.
Қаламгер, жазушы Тобық Жармағамбетовтың Ақтөбе облыстық "Коммунизм жолы" газетінде қызмет жасап жүрген уақыттарындағы жарияланған
мақалалар жинағы:
Қаламгер, жазушы Тобық Жармағамбетовтың Ақтөбе газетінде жарияланған "Екі жүрек" әңгімесі.
Қаламгер, жазушы Тобық Жармағамбетовтың Ақтөбе газетінде жарияланған "Екі жүрек" әңгімесі.
Комментариев нет:
Отправить комментарий