среда, 2 апреля 2014 г.

Басты бет


                                                         Қадірлі оқырман! 
       «Жемнің қос жұлдызы» блогына 
                         хош келдіңіз!
      Ақтөбе өңірінің Жем өзенінің бойында туып өскен нәзік үнді жазушы Тобық Жармағамбетов пен сырлы сазды суреткер, ақын Сағи Жиенбаев ХХ ғасырдың 60-70 жылдары қазақ әдебиетінде шұрайлы шығармалары мен сезімге толы жырларымен қолтаңбасымен таң қалдырған.
      Бізге, олар Нұрпейіс Байғанин атындағы киелі жерде дүниеге келгендігі ғана емес, қазақ әдебиетіміздің алтын қорына інжу-маржан дүниелер қосып кеткендігімен ерекше қастерлі.
     Алғашқы туындыларына ұлы жазушы М.Әуезов жылы пікір білдірген, Жемнің қос жұлдызы Сағи мен Тобықтың туғанына 80 жыл. Олардың еліне сіңірген еңбегі – бірнеше мың беттік әдебиеттегі хаты, әрбір туындысы, ел-халқының мәңгі жүрегінде!
    Қос қаламгердің рухани мұраларын оқып, өмірлік ләззәт алып, сусындауға тұрарлық керемет рухани дүниелер, Сіздің жүрегіңізден жол табады!
              

4 комментария:

  1. Өте керемет!!! Өз елімізден шыққан осындай тұлғаларымызды ұлықтайтын сайттар көбейе берсін.

    ОтветитьУдалить
  2. Блогтарыңыз ұнады.Сіздерге бұл тақырып қызықты және жақын екені көрініп тұр. Блог беттері мазмұнды ақпаратпен толы. Сіздер және блогтарыңыз үшін қуаныштымыз. Шығармашылық табыс тілейміз. Блогтарыңызға жиі кіріп,тартымды,қызық мақалаларды күтеміз.

    ОтветитьУдалить
  3. Блог жауапкершілікпен ұйымдастырылған. Қазақ әдебиетінде өз орындары бар ақын-жазушыларымыз туралы жан-жақты таныту мәселесі ойдағыдай деңгейде шыққан. Музыкамен көркемдеуі де жағымды.

    ОтветитьУдалить
  4. Құрметті әріптестер! І-орындарыңыз құтты болсын! Жаңа жылда жаңа табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз!

    ОтветитьУдалить